Сіздердің назарларыңызға
«Nomad-Kazakhstan» журналын ұсынамыз.
«Nomad-Kazakhstan» – бұл Қазақстан туралы, оның тарихы, қазақ халқының мәдени өмірі мен ерекше мәдени мұрасының жаңалықтары, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен өнерінің көрнекті қайраткерлері туралы баяндайтын тұсаукесер басылым. Оның ерекше авторлық материалдары мен әсерлі көрнекіліктері біздің еліміздің өткен тарихи беттері мен қазіргі заманғы өмірінің керемет жетекшісі етіп жасайды.
Журнал қазақстандық баспа БАҚ нарығында осымен 6-шы жыл шығарылып келеді. Осы уақыт ішінде біз оқырман аудиториясына танылып, өзіміздің сенімділігіміз бен ауқаттылығымызды дәлелдедік.
«Nomad-Kazakhstan» – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын қазақстандық басылымдардың бірі. Елімізден алшақ шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасында қазақ тілін қолдау және сақтау, қазақ қауымдастықтарымен мәдени байланыстарды нығайту – осы журналдың артықшылық міндеттерінің бірі.
«Nomad-Kazakhstan» журналын өзіңіздің жазылым науқаныңызға қосуыңызды ұсынамыз. Басылымға «Қазпошта» АҚ (жазылым индексі 75145), «КазПресс» ЖШС, «Эврика-пресс», «Евразия-пресс» арқылы жазылуға, не болмаса жазылымды тікелей журналдың редакциясында ресімдеуге болады.
Журналдың негізгі бағыттарының арасында:
• Тарих. Қазақстанның көне заманынан бүгінгі күніне дейінгі маңызды тарихи оқиғалар.
• Мәдени мұра. Журнал қазақи мәдени мұра, халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың байлығы және фольклоры жайлы баяндайды.
• Қоғамдық келісім. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүреді, олар әртүрлі діни конфессияларға жатады. Ұлттық мәдени орталықтардың қолдауымен журнал олардың мәдениеттері мен салт-дәстүрлері туралы баяндайды. Журнал біздің еліміздегі халықтардың арасындағы келісімді және Қазақстанның жақын және алыс шетелдермен достық байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.
• Ашылымдар. Қазақстандық археология, тарихшы, өнер зерттеуші және мәдениетші ғалымдарының тапқан қызықты жәдігерлері мен ашылымдары.
• Табиғат және саяхат. Журналдың беттерінде біздің жеріміздің сұлулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сирек кездесетін тіршілік иелері, бірегей қорықтар, ғылыми экспедициялар мен аса белгілі туристік бағыттар туралы баяндалады.
• Өнер. Журнал қазіргі Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне көп көңіл бөледі. Кәсіби өнер зертетушілер жаңа көрмелер мен театрлық қойылымдар, қазақстандық музыкалық өмірдің жетістіктері, қазақ кинематографисттерінің жаңа фильмдері жайлы баяндайды. «Портрет» айдары арқылы Сіздер көрнекті мәдениет қайраткерлерімен таныс бола аласыздар, ал «Галереямызда» белгілі қазақстандық суретшілердің еңбектерін көре аласыздар.
Ақпараттық ынтымақтастық
Журналдың басты ақпараттық серіктестері: ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан халықтарының ассамблеясы, шығармашылық одақтар мен жоғарғы оқу орындары, ұлттық мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар. Түрлі мәселелерді білікті ағарту үшін әріптестікке әртүрлі қызмет саласынан кәсіби мамандар кеңесшілер ретінде шақырылады. Журналды жасауға кәсіби авторлар, журналистер, дизайнерлер, фотографтар және суретшілер қатысады.
Шығарылымы. 2 айда бір рет.
Тілі. Қазақша, орысша, ағылшынша.
Басылым саны. 5000 дана.
Техникалық параметрлері. Пішімі – 215х290. Көлемі – 80-100 бет.